«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығының шорт - листі «ҮЗДІК ПОЭЗИЯ»

Байқаудың қазылар алқасы тұңғыш рет тағайындалып отырған ұлттық әдеби сыйлықтың номинанттар тізімін анықтады. Конкурстың жалпы жүлде қоры 35 млн теңгені құрайды, әр номинация бойынша жеңімпаз 5 млн теңгеден иеленеді.
7 аталым бойынша («Үздік проза», «Үздік поэзия», «Үздік драматургия», «Үздік көркем аударма», «Үздік балалар әдебиеті», «Үздік комикс», «Үздік кітап дизайны» номинациялары) жарияланған байқауға барлығы 402 өтінім келіп түсті. Оның ішінде қазылар алқасының таңдауымен 49 шығарма (әр номинация бойынша 7 шығармадан) байқаудың шорт-листіне енді.
Жеңімпаздардың есімі ертең, яғни 6 желтоқсанда ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында жарияланады.
Шорт-листке енген шығармалар тізімімен танысуды ұсынамыз:
ШОРТ-ЛИСТКЕ ЕНГЕН ШЫҒАРМАЛАР
«ҮЗДІК ПОЭЗИЯ» номинациясы бойынша барлығы 89 өтінім қабылданды. Оның ішінде шорт-листке енген шығармалар:
  1. «Алмас қылыш» өлеңдер топтамасы. Авторы Бахытжан Раисова;
  2. «Мидағы код» өлеңдер топтамасы. Авторы Серік Ақсұңқарұлы;
  3. «Дневник ночей» өлеңдер топтамасы. Авторы Ольга Шиленко;
  4. «Басы жоқ мүрде» өлеңдер топтамасы. Авторы Қуаныш Жасай;
  5. «Тобылғы түсті толғауым» өлеңдер топтамасы. Авторы Аманкүл Пішенбайқызы;
  6. «Жұмбақ арал» шығармасы. Авторы Батырхан Сарсенхан;
  7. «Екінші әлем» поэмасы. Авторы Жанат Жаңқашұлы.




Ұқсас жариялымдар

«Айбоз» ұлттық тұңғыш әдеби сыйлығының әр жеңімпазы 5 миллион теңге алады

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Айбоз» ұлттық  тұңғыш әдеби...

Оқу

«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығының жеңімпаздары

Мәдениет және спорт министрлігі маусым айында елімізде алғаш рет «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығы...

Оқу

Елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылған «Айбоз»

Елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылған «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығының жеңімпаздары белгілі болды.  Б...

Оқу

«ҮЗДІК БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІ»

«ҮЗДІК БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІ»  номинациясы бойынша барлығы 72 өтінім қабылданды. Оның ішінде шорт-листке...

Оқу

«ҮЗДІК АУДАРМА»

«ҮЗДІК АУДАРМА»  номинациясы бойынша барлығы 24 өтінім қабылданды. Оның ішінде шорт-листке енген...

Оқу

Пікірлер

Пікір қалдыру
aiboz.kz© 2022-2023. Айбоз - Барлық құқық қорғалған. Техникалық қолдау +77075327722