Елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылған «Айбоз»
Елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылған «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығының жеңімпаздары белгілі болды. Байқауға 150-ден астам шығарма қатыстырылған.
Ұлттық әдеби сыйлық «Үздік проза», «Үздік поэзия», «Үздік драма», «Үздік аударма», «Үздік балалар әдебиеті», «Үздік комикс» және «Үздік кітап» номинациялары бойынша өтті. Әр аталымның жеңімпазына 5 млн теңгеден жүлде тағайындалды.
Сонымен жеңімпаздар төмендегідей:
«Үздік проза» номинациясы бойынша «Тырнақ» әңгімесі үшін Айгүл Кемелбаева.
«Үздік поэзия» номинациясы бойынша «Жұмбақ арал» поэмасымен Батырхан Сәрсенхан.
«Үздік драматургия» номинациясы бойынша «Мың мен жалғыз...» пьесасы үшін Талғат Теменов.
«Үздік аударма» номинациясы бойынша Стефан Цвейгтің «Амок», «Бақилық ағаның көз жасы» новеллаларының аудармасы – Кенжебай Ахметов.
«Үздік балалар әдебиеті» номинациясы бойынша «Іздер құпиясы» шығармасы – Бекен Ыбырайым.
«Үздік комикс» номинациясы бойынша «Жетпіс палуан» - Жантас Нәбиоллаұлы.
«Үздік кітап дизайны» номинациясы бойынша «Кенесары хан уа сұлтан» - «AlmaBooks» баспасы.
Әр номинация бойынша жеңімпаз 5 млн теңге алды. Жеңімпаздардың еңбектері 500 данамен жарық көреді.
Материалды қолданған жағдайда, бастапқы 1 немесе 2-сөйлемде malim.kz сайтына гиперсілтеме беруіңізді сұраймыз. Авторлық құқықты құрметтегеніңізге алғыс айтамыз.