«АЙБОЗ» ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
«АЙБОЗ» ҰЛТТЫҚ ӘДЕБИ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ
ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
«АЙБОЗ» ұлттық әдеби сыйлығы (бұдан әрі – Сыйлық) – мемлекет тарапынан қаламгерлерге қолдау көрсету және ынталандыру мақсатында ұйымдастырылады. Сыйлыққа жеті номинация бойынша барлық қазақстандық авторлар (Қазақстан Республикасының азаматы болуы шарт) қатыса алады.
1. Мақсаты. Қаламгерлерге мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсету. Қазақ әдебиетінің жаңа биіктерге көтерілуіне жағдай жасау. Қаламгерлердің еңбегін насихаттап, олардың шығармашылық жұмыстарының жарық көруіне ықпал ету.
2. Басты талабы. Ұлттық сыйлыққа ұсынылатын шығармалар заманауи қазақ әдебиетін қалыптастыру идеясына негізделуі, сондай-ақ, қоғам үшін өзекті мәселелерді қамтуы тиіс. Шығармаларға қойылатын техникалық шарттар ұлттық сыйлықтың жалпы ережелерінде көрсетілген.
3. Номинациялар:
«Үздік проза».
Талабы:
- бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған болу керек;
- көлемі 20 авторлық парақтан аспауы тиіс;
Шығарма түрі: роман, повесть, әңгіме, хикаят, әдеби эссе.
Сыйақы мөлшері – 5 000 000 теңге
«Үздік поэзия».
Талабы:
- бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған болу керек;
- көлемі 10 авторлық парақтан аспауы тиіс;
Шығарма түрі: поэма, дастан, жыр, өлең, өлеңдер топтамасы.
Сыйақы мөлшері – 5 000 000 теңге
«Үздік драматургия».
Талабы:
- бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған болу керек;
- көлемі 20 авторлық парақтан аспауы тиіс;
Шығарма түрі: драмалық туындылар.
Сыйақы мөлшері – 5 000 000 теңге
«Үздік әдеби сын».
Талабы:
- бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған болу керек;
- көлемі 20 авторлық парақтан аспауы тиіс;
Шығарма түрі: әдеби сын жұмыстар.
Сыйақы мөлшері – 5 000 000 теңге
«Үздік балалар әдебиеті».
Талабы:
- бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған болу керек;
- көлемі 20 авторлық парақтан аспауы тиіс;
Шығарма түрі: балаларға арналған әдеби еңбектер.
Сыйақы мөлшері – 5 000 000 теңге
«Үздік комикс».
Талабы:
- бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған болу керек;
- А4 форматындағы 100 беттен аспауы тиіс;
Шығарма түрі: комикс.
Сыйақы мөлшері – 5 000 000 теңге
«Үздік әдеби аударма».
Талабы:
- бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған болу керек;
- көлемі 30 авторлық парақтан аспауы тиіс;
- автормен немесе аудармашымен келісімшарт болуы тиіс (қоғамдық игілікке (Public Domain) айналған шығармаларға қатысты емес)
- екі шығарма тең түскен жағдайда түпнұсқадан аударылған әдеби аудармаға басымдылық беріледі.
Шығарма түрі: әдеби аударма.
Сыйақы мөлшері – 5 000 000 теңге
4. Күтілетін нәтиже. Сыйлық талаптарында «бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған шығармалар» қабылданатыны туралы шарт болғандықтан, қазақ әдебиетіне 7 жанр бойынша жаңа еңбектер қосылып, ұлтымыздың әдеби мұрасы молая түседі, сол арқылы отандық әдебиетке тың серпін береді.
5. Ұсыну мерзімі мен шарттары. Байқауға өтінімді 2023 жылғы 1 мамыр – 1 қыркүйек аралығында www.aiboz.kz сайты арқылы жiберу қажет. Әдеби сыйлық жыл соңында табысталады.