Бүгін, Алматыда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі тағайындаған «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығын табыстауға арналған салтанатты жиын болып өтті.

Бүгін, Алматыда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі тағайындаған «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығын табыстауға арналған салтанатты жиын болып өтті.
Ұлттық байқауға түскен шығармаларды арнайы құрылған қазылар алқасы сараптамадан өткізді. Жүлдегерлерді әділ бағалау мақсатында қазылар құрамы бір-бірінен құпия ұсталды. Cондай-ақ қазылар алқасына ұсынылған шығармалардың авторлары да жасырын болды.
Осылай, қазылар алқасы тіркелген шығармаларды оқып шығып, құпия дауыс беруі нәтижесінде әр номинация үздіктері анықталды.
Тәуелсіз қазылар құрамының шешімімен «Үздік проза» номинациясы бойынша ең жоғары дауыс жинаған «Анамның құрбысы» шығармасы (авторы – Қуандық Түменбай), «Үздік поэзия» номинациясы бойынша ең жоғары дауыс жинаған «Көзімнен сүй, көбелек» шығармасы (авторы – Тілегенов Жанат Жаңқашұлы), «Үздік драматургия» номинациясы бойынша ең жоғары дауыс жинаған «Адам ата, Хауа ана» шығармасы (авторы – Исраил Сапарбай), «Үздік әдеби аударма» номинациясы бойынша ең жоғары дауыс жинаған «Қасқырлар құпиясы» шығармасы (авторы – Абай Мауқараұлы), «Үздік балалар әдебиеті» номинациясы бойынша ең жоғары дауыс жинаған «Концерт» шығармасы (авторы – Серік Асылбекұлы), «Үздік әдеби сын» номинациясы бойынша ең жоғары дауыс жинаған «Абай һәм Ницше іліміндегі Құдай, адам және автор мәселесі: үш супер мағынаның күйреуі» шығармасы (авторы – Дидар Амантай), «Үздік комикс» номинациясы бойынша ең жоғары дауыс жинаған «Бейбарыс» шығармасы (авторы – Сәлімғали Мырзашев) жеңімпаз деп танылып 5 млн теңге мен тұлпар статуеткасын иеленді.
Әр аталымға 5 млн теңгеден табысталған әдеби сыйлықтың жалпы жүлде қоры – 35 млн теңгені құрады. 
Қазақстанның халық әртісі, белгілі күйші Айгүл Үлкенбаева сынды өнер шеберлерінің қатысуымен шағын концерттік бағдарламамен әрленген мерекеде жүлделерді табыстауға Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов аға бастаған, академик, Қансейіт Әбдезұлы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, белгілі қыл қалам шебері Амандос Ақанаев,
Қазақстанның халық жазушысы Любовь Шашкова, Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма төрағасының 1-орынбасары Нұржан Қуантайұлы, Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма хатшысы, көрнекті ақын Маралтай Райымбекұлы шақырылды. 
Рухани кештен әсерленіп шыққан әлеумет бірден тарап кетпей, бірін-бірі құттықтап ұзақ тұрса, жүлдегерлер мен ұйымдастырушыларды қаумалаған журналистер сұхбат алып жатты.

     


Ұқсас жариялымдар

ҚАБЫЛДАНҒАН ШЫҒАРМАЛАР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ 1-МАМЫРДАН 18- ТАМЫЗ..

2023 жылдың 1-мамыр 18-тамыз аралығында жалпы 129 өтінім қабылданды...

Оқу

Қабылданған шығармалар туралы ақпарат 1-мамырдан 3- тамыз аралығы

2023 жылдың 1-мамыр 3 тамыз аралығында жалпы 80 өтінім қабылданды...

Оқу

1-мамыр 12 маусым аралығында қабылданған шығармалар туралы ақпарат

2023 жылдың 1-мамыр 12 маусым аралығында жалпы 19 өтінім қабылданды...

Оқу

«Айбоз-2023»: ұлттық сыйлыққа өтінімдерді қабылдау басталды

Ұлттық әдеби сыйлыққа «Үздік проза», «Үздік поэзия», «Үздік драма», «Үздік әдеби аударма», «Үздік...

Оқу

Пікірлер

Пікір қалдыру
aiboz.kz© 2022-2023. Айбоз - Барлық құқық қорғалған. Техникалық қолдау +77075327722