«Айбоз-2023»: ұлттық сыйлыққа өтінімдерді қабылдау басталды

Ұлттық әдеби сыйлыққа «Үздік проза», «Үздік поэзия», «Үздік драма», «Үздік әдеби аударма», «Үздік балалар әдебиеті», «Үздік әдеби сын», «Үздік комикс» номинациялары бойынша шығармалар қабылдануда. Байқауға отандық қаламгерлер қатыса алады. Әдеби сыйлықтың жалпы жүлде қоры – 35 млн теңге. Әр номинацияға 5 млн теңгеден табысталады. 

“АЙБОЗ» – отандық қаламгерлерге мемлекет тарапынан қолдау көрсету және ынталандыру мақсатында Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастыратын ұлттық әдеби сыйлық. Байқауға бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған шығармалар ғана қабылданады. Бұл қазақ әдебиетінің қоры 7 номинация бойынша жүздеген жаңа туындылармен толығады деген сөз. Сондай-ақ қаламгерлер арасында бәсеке пайда болып, соның нәтижесінде оқырманға өзекті, қызықты әрі заманауи шығармалар жол тартады”, - деді ҚР МСМ Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті Кітап ісі басқармасының басшысы Алмаз Мырзахмет.

Үміткерлер өтінімдерін 2023 жылғы 1 мамыр – 1 қыркүйек аралығында http://www.aiboz.kz/ сайты арқылы жіберуі қажет. Әдеби сыйлық ақын-жазушыларға жыл соңында табысталатын болады.

Ұқсас жариялымдар

1-мамыр 12 маусым аралығында қабылданған шығармалар туралы ақпарат

2023 жылдың 1-мамыр 12 маусым аралығында жалпы 19 өтінім қабылданды...

Оқу

Пікірлер

Пікір қалдыру
aiboz.kz© 2022-2023. Айбоз - Барлық құқық қорғалған. Техникалық қолдау +77075327722