
Астанада Президенттік арнаулы әдеби сыйлық пен «Айбоз – 2025» ұлттық әдеби сыйлығының лауреаттары марапатталды.
Салтанатты рәсімге ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Парламент депутаттары, Жазушылар одағының өкілдері мен зиялы қауым қатысты.
Жиында қаламгерлердің ұлттық әдебиетті дамытудағы рөлі, тарихи мұраны сақтау, мәдениет пен руханиятты қолдау – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты екені атап өтілді. Конституциялық реформалар аясында да ұлттық құндылықтарды сақтау мен адам әлеуетін дамытуға басымдық беріліп отырғаны айтылды.
Биыл Президенттік сыйлыққа 49 жас автор өтінім беріп, 4 номинация бойынша жеңімпаздар анықталды. Ал «Айбоз – 2025» сыйлығына 180 өтінім түсіп, 7 номинация бойынша үздіктер марапатталды.



